Ағылшын журналисі Джоанна Лиллис 2001 жылдан бері Орталық Азия, оның ішінде Өзбекстан туралы жазып келеді. Биыл жарық көретін "Жібек сағым" (Silk Mirage) атты кітабында автор Мирзияев реформаларының аяғы неге айналғанын баяндайды.
АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы өршіп, Пекин сирек кездесетін элементтер экспортын бақылауды қатаңдатқан соң аса маңызды материалдарға бай Орталық Азия жаһандық аренаға шықты. Аймақ бұл саладағы басты ел – Қытайға бәсекелес бола ала ма?
Ресейде жүрген еңбек мигранттарының ақша аударымдары Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін өте маңызды. Қазір АҚШ доллары құнсызданып, рубль күшейген тұста олардың табысы арта түсті.
Ресейдің Орталық Азиядағы тарихи мұрасы Украинада ауқымды соғыс басталғаннан кейін ерекше назарға ілікті. Көптеген ресейліктер отарлау саясаты аймаққа пайдалы болды деп есептейді, кейде бұл пікірді өзгелерге де тықпалауға тырысады. Алайда Орталық Азияда басқаша түйін жасайтындар көбейіп келеді.
БҰҰ-ның Негізсіз ұстау жөніндегі жұмыс тобы Қарақалпақстандағы Нөкіс оқиғасына қатысты сотталған Дәулетмұрат Тәжімұратовтың ісін қарап, белсендіні қамау және соттау кезінде бостандығы шектелді деп тануды ұйғаруы мүмкін екенін жазған.
Душанбеде президент мінетін Boeing 787-800 Dreamliner ұшағына арналған ангар тұрғызылды. Құрылысқа қанша ақша кеткені құпия. Бұл ұшақтың қалай сатып алынғаны да айтылмайды. Тәжікстан мұндай ақпаратты жасырын ұстайтын жалғыз ел емес.
Мәскеу полициясы көбіне қырғыз мигранттары баратын моншада рейд жүргізіп, келушілерді соққыға жыққан, азаптаған. Бұл туралы сол күні моншада болған қырғыз азаматтары айтып отыр. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеді.
Самарқандағы саммитте Еуропа Одағы Орталық Азияға 12 млрд еуро инвестиция құятынын айтты. Оның қай бөлігі Қазақстанға бағытталады? Брюссель мен Астана әріптестігі қазір қай деңгейде? Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич Азаттыққа берген сұхбатында осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.
Орталық Азия Қытай көліктерін сату мен өндіру үшін маңызды аймаққа айналып барады: жұрт бағасы арзан көліктерді сатып алса, үкіметтер Қытайдың мемлекеттік компанияларынан миллиардтаған инвестиция тартып жатыр.
Түркіменстан ақпарат кеңістігінде қазіргі президенттің әпкесі әрі экс-президенттің қызы Огулжахан Атабаева жиі атала бастады. Кейбіреулер билік оны әлдебір биік қызметке тағайындамақ деп болжайды. Патриархал дәстүр орныққан Орталық Азияда президенттер туыстарын билікке қалай шығарған еді?
Тағы